Алматы облысында аз қамтылғандар үшін стоматологиялық бөлім ашылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Маралбек Мейірбеков хабарлағандай, аурухана 60 орынға арналған терапевтік, 60 орындық хирургиялық, 40 орындық перзентхана және 40 орындық педиатрия бөлімдерінен тұрады.
Бұдан басқа, тұрғындар арасында әлеуметтік мұқтаж адамдар санатына арналып тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміне сәйкес облыста алғаш рет бұл жерде 4 креслолық стоматологиялық, соның ішінде терапевтік, хирургиялық, балалар және ортопедиялық кабинеттері ашылды.
Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, аурухана кешенінің жалпы ауданы 34 мың шаршы метрді құрайды. Ауруханада ең заманауи жабдықтар қойылған.
Ауруханада клиникалық-диагностикалық зертхана, рентгенология бөлімі, қан құю бөлімі және физиотерапевтік бөлімі бар.
Құрылыс «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілді, оған республикалық бюджеттен 4 млрд. 425 млн. теңге бөлінді.