Алматы облысында бақташы 56 сиырды ұрлап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында өзге шаруашылық аумағынан 56 ірі қара мал ұрлаған бақташы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында бақташы 56 сиырды ұрлап кеткен

«Алматы облысының Іле ауданындағы шаруа қожалығының малшысы ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бері өзге шаруашылық аумағынан 56 ірі қара мал ұрлаған», - деді Алмас Сәдубаев.