08:52, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматы облысында балаларды жазғы демалыспен қамту мәселесі шешімін табуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы аз қамтылған отбасыларының және жетім балаларды жазғы демалыспен қамту үшін 73 миллион теңге бөлінген.

Облыстық білім беру басқармасынан хабарлағандай, бүгінде аймақта 22 тұрақты балалар лагері қызмет етуде. Балаларды сауықтырудың 2011-2013 жылдардағы бағдарламасының аясында облыстағы Іле, Алакөл, Көксу, Сарқант және Панфилов аудандарында, сондай-ақ Қапшағай қаласында бірқатар қала сыртындағы лагерьдерді салып, пайдалануға беру жоспарлану үстінде.
Текелі қаласының «Алтын Чажа» лагерінде ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша 250аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім балалар демалады.