Алматы облысында «Балапан» бағдарламасы бойынша 131 балабақша мен шағын орталық іске қосылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Балапан» президенттік бағдарламасына сәйкес Алматы облысында 131 балабақша мен шағын орталықты іске қосу жоспарлануда, оларда 15 мыңнан астам орын ұйымдастырылмақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылдың соңына дейін облыс орталығының «Қаратал» және «Юбилейный» ықшамаудандарында екі жаңа балабақшаның құрылысы аяқталады.

Облыстың білім басқармасынан хабарлағандай, жылдың басынан бері 400-ден астам бүлдіршін мамандандырылған мектепке дейінгі дайындық мекемелеріне бара бастады. Іле және Қарасай аудандарында 4 жекеменшік балабақша мен 3 шағын орталық ашылды.

Қазіргі уақытта облыстың мектепке дейінгі дайындық жүйесінде 84 балабақша және мектептердің жандарынан ашылған 300 шағын орталық жұмыс істейді, балабақшалардың 20- шақтысы - жекеменшік мекемелер. Жалпы алғанда облыс бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықпен қамтылып отыр, бұл балабақша жасындағы балалардың 20 пайызы.

Оған қоса, облыста бұрын жекешелендіріліп кеткен жеті балабақша ғимараты қайтарылды. Олар - Алакөл, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында орналасқан нысандар.

Соңғы жаңалықтар