Алматы облысында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4-сынып оқушысы дәрі ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Онда 10 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында №29 орта мектептің 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған.

«Бала өзіне қол жұмсамас бұрын қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алған. Анасы баласын ауыр халде тапты» делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйекте Талғар аудандық полиция басқармасына 1992 жылы туған азаматша Б. жүгінген.

Айтуынша, 2013 жылы туған ұлы дәріден уланған.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелді. Тексеру барысында кәмелетке толмаған бала үйінде 10-ға жуық таблетка, болжам бойынша «ацетилсалицил қышқылын» ішкені анықталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар