Алматы облысында «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы ауқымында жастар форумы болды

Бағдарламаның ресми бөлімі делегациялардың саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешенге шеруімен басталды. Бұл кешен екі жыл бұрын Балқаш ауданының 80 жылдығына Ақкөл ауылында ашылған еді. Бұдан кейін фестиваль қатысушылары мен қонақтары ауданның басты көрнекті орны - Қонаев көпірін көрді. Бұдан кейін шеру Бақанастың орталық көшесінде жүрді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжиян Сүлейменова жастар саясатын дамыту мәселесіне тоқтала келіп, бұдан үш жыл бұрын облыс әкімі Серік Үмбетовтің осындай шараға 35 млн. теңге бөлуі сол кезде маңызды рөл атқарғанын атап өтті, ал биыл бұл қаржы 66 млн. теңгеге жетті. Қазір ауданда 6 749 жас адамдар тұрады.
Шара ауданның жас таланттары әзірлеген үлкен концертпен аяқталды.
Форум қарсаңында Бақанас жастары маңайдағы үш ауыл округтері елді мекендерін абаттандыруға шықты. 120 адамнан құралған экологиялық жасақ нысандарды ақтап-сырлаумен айналысты.