Алматы облысында бөгетті бұзып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында 19 маусымда Бурақожыр өзенінде бөгет бұзылып, 12 адам эвакуацияланды.
None
None

«Күннің екінші жартысында Алматы облысы Панфилов ауданында ауа температурасының көтерілуі және тау басында қардың қарқынды еруі аясында жауын-шашын салдарынан Бурақожыр өзенінде су деңгейі артты. Қаптан тұрғызылған 15 метрлік уақытша бөгет істен шықты. Көктал-Арасан кентінде өзен маңында орналасқан шаруашылық құрылыстарына қауіп төнген соң, 12 үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Ағаш көпір де қирап қалды. Таңертеңге қарай өзен деңгейі екі есеге төмендеді», - деп хабарлады «Қазселденқорғау».

Бұдан басқа сол күні облыстың Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзенін тексеру барысында «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Шығыс-Энергия» ЖШС ГЭС-2 ауданында Есік автожолы - Есік өзенінің 9 шақырымында автожол көпірінің тірегі мен бөктерін су шайып кеткені анықтады.

Мұның себебі биік тауда қардың қарқынды еруі салдарынан Есік өзеніне судың мөлшерден тыс келуі болды.

Ақпарат шара қабылдау үшін ТЖД-ға, ауданы әкіміне, ҰҚК, АІІБ  органдарына берілді.

Соңғы жаңалықтар