10:41, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматы облысында браконьерлер ондатраны жаппай қыруда
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Балқаш ауданында полицейлер жергілікті тұрғындардың бірінен ондатраның 1300 терісін тапты.

Табиғатты қорғау желісі бойынша өткізілген рейдтің барысында Балқаш АІІБ-нің учаскелік инспекторы жол полициясымен бірлесіп іші ондатр терісіне толы «Лексус-330» көлігін тоқтатты. АІІБ-не жеткізілген оның жүргізушісі терілерді жергілікті тұрғындардан Алматыда сату үшін сатып алғанын түсіндірді. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың түсініктемелерін тексеруді жалғастыруда, оның үстінен ҚР ҚК-нің 288-бабы («Заңсыз аңшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.