Алматы облысында бүлдіршіндер үшін тағы бір балабақша есігін айқара ашты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында 320 орындық «Айгөлек» балабақшасының ашылу салтанаты болып өтті.
None
None

Оның құрылысына «Балапан» бағдарламасы бойынша 651 млн. теңге бөлінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрылысты «Компания ГЕО Строй Сервис LTD» ЖШС-і жүргізді. Балабақшада 16 топ бар, оның 12-сі қазақ, 4-еуі орыс тілдік топтар.

Өзінің құттықтау сөзінде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов атап өткендей, «Балапан» бағдарламасы басталған кезде аймақ балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту жағынан ең соңғы орындардың бірінде болды. Өткен жылы 14,5 мың орын ашуға мүкіндік туды, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда төрт есеге көп.

Алматы облысында 2010 жылы 2 жаңа балабақша салынып, жекеменшікке беріліп, кейін қайтарылғандардың есебінен 28 балабақша, босатылған ғимараттардан - 4, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында 1 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру есебінен жекеменшік балабақшаларда 38 орын ашылды.

Соңғы жаңалықтар