14:01, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Алматы облысында бұрын сотты болған азамат темір тордың арғы жағында өткізген жылдары үшін кек алды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жамбыл ауданының Шамалған стансасының отыз бес жасар тұрығыны қарақшылық үшін сегіз жыл отырып шығып, темір тордың арғы жағында өткізген жылдары үшін кек алмақ болды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ол тонау кезінде зардап шеккен 28 жасар ер азамат тұрып жатқан Қопа ауылына барып, «Оса» травматикалық тапаншасымен оның басынан атты. Нәтижесінде зардап шеккен азамат бір көзінен айырылды.
Қазіргі уақытта ол аудандық ауруханада, күдікті азамат құрықталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Адам денесіне ауыр зақым салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.