Алматы облысында бұзақы учаскелік инспектордың жағасынан алған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талғар қаласында аты-жөні анықталмаған ер адам 25 жастағы учаскелік инспектордың жағасынан алып, төбелескен
None
None

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Талғардың 38 жастағы тұрғыны қоғамдық жерде спирттік ішімдік ішкендіктен полиция қызметкері оны өзімен бірге полиция бөлімшесіне алып кетпек болған.

Осы кезде масайған ол учаскелік инспекторға жұдырық ала жүгірген. Төбелестен, формасы мен погондарының жыртылып, жұлынғанына қарамастан, тәртіп сақшысы бұзақыны өзіне бағындырған. Медициналық куәландырудан кейін күдікті ер адамның үстінен ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар