Алматы облысында дала алқаптары өртенуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында дала алқаптары өртенуде.
None
None

Әзірше, өрттер елді мекендер мен азаматтардың мүліктеріне күрделі зиян келтіре қойған жоқ, бірақ экожүйе - өсімдіктер мен жануарлар әлемі  түбегейлі жойылды.  

Алматы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Балқаш ауданындағы орман шаруашылығында қасақана өртеу салдарынан 12 гектардан астам орманды-дала алқап жанып кетті. Ұйғыр ауданындағы Кетмен орман шаруашылығында бір күнде шамамен елу гектардай мемлекеттік орман қоры жойылды.

Өртену фактілерінің барлығына адамдар кінәлі, әсіресе, егіс жұмыстарының алдында өткен жылғы шөптерді өртейтіндер. Алайда, олар өрт шекараны білмейтіндігін ескермейді. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, өйткені құрғақ далалық шөптер тез тұтанады, деп нақыталады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар