20:24, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Алматы облысында «Даму» қоры» Бизнестің жол картасы-2020 жобасы бойынша «Қайнар-АКБ» ЖШС алғашқы жобаның тұсауын кесті
ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Сәрсенбі, шілденің 14-інде 1975 жылдан бері 6 СТ-75ЭМ аккумуляторлы батареялар шығарумен айналысып келе жатқан Қазақстанның қорғасын аккумуляторларын шығаратын зауыттарының бірі - «Қайнар-АКБ» ЖШС-інде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты - экспорттық бағытты өндіріске қолдау тармағы бойынша бірінші жобаның тұсаукесері өткізілді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық облыстық филиалының директоры Ринат Талтүсовтің хабарлауынша, мемлекет тарапынан қаржылай көмек банк несиелері бойынша пайыздық үстемақы көлемінің бір бөлігін қаржыландыру түрінде беріледі. Ол дегеніміз, кәсіпкер несие бойынша 4 пайыз төлеп, қалған 8 пайызы мемлекет тарапынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландырылады.
Қазіргі күні «Қайнар АКБ» ЖШС-ға Алматы облысы бойынша «Ресей Жинақ банкі» еншілес банкі АҚ филиалынан несиелік желі ашылды.