Алматы облысында Достық стансасына таяу жерден 13 снаряд табылды

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында, Достық стансасынан 5 шақырым жерден шекарашылар калибрі белгісіз 13 снаряд тауып алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеше табылған заттардың калибрі 122 мм-лік артиллериялық оқу-жаттығу снаряды екендігі белгілі болды, ешқандай қаупі жоқ. 16:00-де ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлік тобы аталған заттарды одан әрі жою үшін алып кетті.

Соңғы жаңалықтар