Алматы облысында Дубайдан мүлік заңдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүлікті жария ету акциясының аясында Дубайдан (БАӘ) мүлік заңдастыру бойынша өтініш келіп түсті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметінен.
None
None

Салық органына Алматы облысының аумағынан ҚР тыс жерлерде мүлікті жария етуге өтініш келіп түскен. Дубайдағы заңдастырылатын мүліктің құны 108, 229 млн. теңге.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны сомасы 421 мың теңгеге Ресейден мүлікті заңдастыруға өтініш түскен. Салық органдары оның өтінішін қанағаттандырды.

Тұтастай ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 131, 6 млрд. теңгеге 17 070 өтініш түсті: сомасы 96,4 млрд. теңгеге 13 637 тұрғын үй нысаны; сомасы 33,7 млрд. теңгеге 7 752 тұрғын емес нысан; оның ішінде 20,5 млрд. теңгеге 1 630 коммерциялық нысан; сомасы 0,7 млрд. теңгеге 13 заңды тұлғаларға қатысу үлесі; сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар.

Сомасы 47,8 млрд. теңгеге 8 310 нысан жария етілді.

ҚР ҰБ есебінінң деректеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктерде 2015 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы сомасы 9,6 млрд. теңгеге ақшаны заңдастыруға 52 жинақ шоты ашылды, жинақ шотынан бюджетке ақшаны заңдастырғаны үшін 338,0 млн. теңге жиын төлей отырып, 3,1 млрд. теңге алынды. ҚР экономикасына 2,9 млрд. теңге инвестицияланды.

1-Н есебінің деректеріне сүйенсек, 2015 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша «Мүлікті заңдастырғаны үшін жиын» 206110 коды бойынша бюджетке нақты 348,8 млн. теңге түсті.

Соңғы жаңалықтар