Алматы облысында егіс науқаны аяқталып келеді
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел мәліметтері бойынша, көктемгі жер жырту 296 380 гектар жерде жүргізілген, бұл белгіленген жұмыстың 95 %-ы. Егіс жұмыстары бүгінгі таңда тек Панфилов ауданында қалған.
Он бір аудан, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалалары дәнді дақылдар себуді аяқтады. Жаздық бидай облыс бойынша 231 065 га жерге егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 405 га артық. Енді осы учаскеде 6 440 га жерге дән себу жұмыстары қалды.
Қызылша егушілер далалық жұмыстарды ең жақсы агротехникалық мерзімде жүргізуде. Тәтті түбір тұқымы 12 336 га жерге себіліп үлгерген, бұл қант қызылшасына арналған жердің 87%-ын құрайды. Қызылша егуді Ақсуат, Қаратал, Көксу және Сарқант аудандары жалғастырып жатыр.
Талғар ауданының жүгері егушілері облыс бойынша науқанды бірінші болып аяқтап отыр. Облыс бойынша тұтастай алғанда, жүгері алқабы жоспарланған 61 186 гектардың 47 403 гектарына егілді.
Балқаш және Қаратал аудандарының күрішшілері былтырғы жылдан 200 га танапқа артық күріш егіп, 11 200 гектарда егіс жұмыстарын жүргізген.