Алматы облысында екі адамды өлтірген қылмыскер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қылмыс Ескелді ауданының Матай Баисов кентінде тіркелді, онда бүгін таңертең үйлердің бірінде 1958-1960 жылдары туған ерлі-зайыпты Климовтардың мәйіттері табылды.
None
None

Полиция қызметкерлері 1980 жылы туған күдіктіні анықтап, оны «ізі суымай» қолға түсірді. Ол өлтірілгендердің туысы болып шықты. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, оқиға орнына жеткен Алматы облыстық ІІД-нің жедел-тергеу тобы мен Ескелді ауданының полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың денелерінде көптеген пышақ жарақаттары барын анықтады.

Қылмыскер ұрлық үшін бұған дейін де бірнеше рет (6-7 рет) істі болған. Өз кінәсін мойындаған оның сөзіне қарағанда, қылмыс бүгін таңертең, жекеменшік тұрғын үйдің жазғы асханасында ұрыс-жанжалдан кейін жасалды.

Соңғы жаңалықтар