12:18, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Алматы облысында екі балабақша ашылды
ЛДЫҚОРҒАН. 14 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Жамбыл ауданында жексенбі күні «Балапан» бағдарламасы бойынша әрқайсысы 75 орындық «Балауса» және «Ақбота» атты екі балабақша ашылды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Облыстық білім басқармасынан хабарлағанындай, балабақшалар Жамбыл ауданының Қазыбекбек және Ақсеңгір ауылдарында пайдалануға берілді.
Апатты жағдайда тұрған бұрынғы балабақшаларды күрделі жөндеуге облыс бюджетінен жалпы көлемі 211 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді, 22 млн. теңгеге материалдық-техникалық базасына қажетті жабдықтар сатып алынды.
Бүгінде Алматы облысында балабақшалар саны 166-ға жетті, сондай-ақ 434 шағын орталық жұмыс істейді. Сөйтіп, аймақта мектепке дейінге біліммен балаларды қамту 46,8 пайызды құрады, деп нақтылады білім басқармасынан.