Алматы облысында екі ер адам шаруаларға қарулы шабуыл жасады

Бұдан бұрын, 21 маусымда Есік қаласының ауруханасына жарақаттармен 54 жастағы ер адам жеткізілген. Анықталғандай, жәбірленуші Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылына жақын жерде шаруашылықтардың бірінде жұмыс істеген. Жанындағы адам екеуіне белгісіз біреулер шабуыл жасаған.
«Жәбірленушінің айтуынша, оларды ұрып-соғып, байлап, скочпен орап, қарумен қорқытып, тауар контейнеріне салып, жауып тастаған. Қылмыскерлер 30 000 теңге, дәнекерлеу аппараты, құрылыс аспаптарын қолды еткен. Шығын сомасы 257 мың теңге», - деді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
Ауыр қылмыс екені есепке алынып, қылмыстық іздеу қызметкерлері қылмысты ашу шарасына кірісті. Жедел шара барысында екі күдікті ұсталды. Біреуі Талдықорған тұрғыны, біреуі Панфилов ауданының тұрғыны. Екеуі де дәлелді айғақ беріп, аудандық ІІБ-ға қамауға алынды.
«Заттай айғақ ретінде аңшылық қару тәркіленді. ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.