17:57, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Алматы облысында екі жол учаскесі жабылды-ККМ
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі жол учаскесі жабылды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның хабарлауынша, 2011 жылғы 11 ақпанда сағат 16.00-ден бастап Алматы облысында ауа-райының қолайсыздығы (боран, қатты жел) және жолдың нашар көрінуі салдарынан «Үшарал-Достық» автожолының «Көктума-Достық» учаскесінде (83-184 км); «Алматы - Өскемен» автожолының «Рубеж бекеті (Үшарал ауылы) - ШҚО шекарасы» учаскесінде (558-615 км) жол учаскелерінде көлік қатынасы тоқтатылды.
Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығынан 2011 жылғы 11 ақпанда сағат 17.00-ден бастап Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының «Ембі-Шалқар» учаскесінде (91-257 км) көлік қатынасы тоқтатылды.