Алматы облысында экотуризмнің 40 нысаны орналасқан (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева экологиялық туризмнің бүгінгі жағдайы мен оны дамыту бойынша жоспарлары туралы хабарлады.
None
None

Алматы облысының экологиялық туризм негізін қорғалатын табиғи аумақтары құрайды. Бұл мемлекеттік ұлттық саябақтар: «Іле - Алатауы», «Алтынемел», «Шарын», «Көлсай көлдері», «Жоңғар Алатауы»; Алакөл мен Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары. Сондай-ақ облыста республикалық маңыздағы 3 мемлекеттік табиғи ескерткіш бар: «Жасын тоғайы», «Ән салған шағылдар» және «Шыңтүрген шыршалары».

Олардың аумағында 40-тан астам экологиялық туризм нысандары орналасқан, 57 туристік бағыт пен экологиялық соқпақтар жасалды.

Ұлттық саябақтарда туристер үшін анағұрлым тартымды орындар бар. Шарын өзенінің арнасы және Шаған орманы, Көлсай көлдері мен Қайыңды көлі, Ән салған шағылдар мен Бесшатыр қорымы, Үлкен Алматы көлі мен Іле Алатауы аңғары - бұл барлық туристік бағыттардың байланысатын жері. Бұл жерлердің барлығы дерлік келушілердің жиі келетін орындары.

Соңғы жаңалықтар