Алматы облысында Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр - Б. Өнербаев

Игі шара облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаевтың төрағалығымен өткізілді. Ол Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша Алматы облысында жұмыстардың қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ облысымызға қарасты барлық аудан-қалаларда Елбасы Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын өңір жұртшылығы арасында кеңінен насихаттайтын үгіт-насихат топтарының құрылғандығы туралы және бүгінгі күнде аталмыш топтардың халық арасында көптеген кездесулер өткізіп жатқандығын хабарлады.
Шара барысында облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ғ.Сарыбаевқа сөз берілді. Басқарма басшысы өз сөзінде «Ақпараттық топтардың» 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін оқып, 2015 жылға арналған басым бағыттарды айқындап берді.
Семинар барысында келесі болып сөз алған Жамбыл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің маманы Мақпал Сәбитқызы өз сөзінде ақпараттық - насихат тобының ауданда атқарған жұмысы туралы ақпарат беріп өтті.
Сөз кезегін алған облыстық «Жетісу» ТРК редакторы Қ.Қайтпек телеарнаның Елбасы Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және үстіміздегі жылы аталып өтілетін мерейлі мерекелер жайындағы 200-ден астам бейне материалдардың облыс жұртшылығына толық мағлұмат аларлықтай, жедел әрі күнбе-күн ақпарат жеткізу ісіндегі өз ықпалын тигізіп жатқандығын атап өтті.
Аталған азаматтардан кейін сөз алған Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры А.Нұрмыханова және Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сыдық өз тараптарынан тұрғындар арасында жоғарыда аталған бағыттарды түсіндіру жұмыстары туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында насихат жұмыстарын белсенді жүргізген ақпараттық-насихат топтарының үздік мүшелері облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаевтың алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.