16:51, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Алматы облысында еңбек құлдығына түскен Өзбекстан азаматшасы босатылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының сарбаздарымен бірлесіп Өзбекстан азаматшасын еңбек құлдығынан босатты.

Облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне келіп түскен жедел ақпаратқа қарағанда, Іле ауданына қарасты Жетіген ауылының 37 жастағы тұрғыны Қазақстанда заңсыз тұрып жатқан Өзбекстан азаматшасын еріксіз еңбекке салу мақсатында шаруа қожалығының басшысына әкелген. Әйелдің тапқан табысын фермерден күдікті өзіне алып отырған. Бірнеше ай бойы әйел сиыр сауып, түрлі жұмыстарды атқарған.
Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 128 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еңбек құлдығынан босатылған әйел қазіргі уақытта Алматы облысындағы оңалту орталығына орналастырылды.