Алматы облысында есірткі заттарының ірі партиясы тәркіленді

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Өткен демалыс күндері Алматы облысында есірткі заттарының ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлады ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.
None
None

Есірткі заттарын жеткізумен айналысатын азаматтарды ұстау операциясын Заречный кентінің қатаң тәртіптегі колониясының қызметкерлері Қапшағай ҚІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отыра жүзеге асырды.

Қапшағайға кірер жолда жүргізушіден бөлек, екі жолаушысы бар шетелдік маркалы көлік тоқтатылып, оның ішінен есірткі заттары тәркіленді. Сот-медициналық сараптама тәркіленген заттардың шамамен бес келі болатын марихуана екенін анықтады.

Материалдар қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар