16:30, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматы облысында ескерту жарияланды: қар көшкіні жүруі мүмкін
АЛМАТЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК филиалынан бүгін келіп түскен ескерту негізінде, болуы мүмкін нөсерлі жаңбыр мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында алдағы тәулікте қар көшкіні жүруі ықтимал.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Құтқарушылар тау баурайында, арнайы орындар мен шаңғы тебу жолақтарынан басқа жерлерде шаңғы тебуден және серуендеуден бас тартуға кеңес береді. Бұл кеңестерді орындамаған жағдайда қар көшкінің жүруі әбден мүмкін.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен туристерден төтенше жағдайды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау сұралады.