Алматы облысында индустриялдық даму бағдарламасы аясында биылғы жылы алғашқы өндіріс орны ашылды - Серік Үмбетов

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы облысында 2010 жылы 10 ірі өндіріс орны іске қосылды. Оны облыс әкімі Серік Үмбетов бүгін Талғар ауданы Колхозшы ауылында «Хундай» компаниясының автобустары мен жүк көліктерін құрастыратын жаңа зауыттың ашылу рәсімінде айтты.
None
None

"Бұл 2011 жылы индустриялдық даму бағдарламасы аясында елімізде іске қосылған алғашқы өндіріс орны болып отыр. Биылғы жылы мұнда 500, ал келесі жылы 1 мың автобус пен жүк көліктері жасалмақ. Бұл Қазақстандағы «Хундай» компаниясымен бірлесіп ашылған көлік құрастыратын тұңғыш зауыт", деді Серік Үмбетов. Оның айтуынша, енді жергілікті атқару органдары өндіріс ауқымын кеңейту және кәсіпорынды қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлмек. Қазіргі таңда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған бұл өндіріс орнында 2015 жылы қосымша тағы 200 адамға жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар