Алматы облысында инвестициялық субсидиялауға өтініштер қабылдай бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазагромаркетинг» АҚ Алматы облысында инвестициялық субсидиялау үшін инвесторлардан өтініштер қабылдай бастады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Инвестор ретінде Қазақстанда инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады», делінген хабарламада.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №9-3/726 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін қаралады.

2016 жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Соңғы жаңалықтар