Алматы облысында Иран мемлекетінің мәдениет күні өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда Иран Ислам Республикасының мәдениет күні өтуде. Қаладағы Журналистер үйінде аталған елдің тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылды. Қызықты экспонатқа толы дүниелерге қызығушылық танытып,  тамашалап жатқандар көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шара барысында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжаттың басты мақсаты екі ел арасындағы тарихи, мәдени, туризм сынды салаларды насихаттап, қарым-қатынасты одан әрі нығайту. 

null 

Алматы қаласындағы ИИР-дің Бас консулдығы жанындағы мәдени өкілдік директоры Сейед Джавад Джалали өз сөзінде, Қазақстан мен Иран елі арасындағы ресми дипломатиялық қарым-қатынасқа  25 жыл толуымен жиналғандарды құттықтады. Каспий жағалауында орналасқан көрші елдің өкілі арадағы қарым-қатынастың  нығая беретініне зор сенім білдіріп, шараны ұйымдастырған  Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысына алғысын білдірді.

null 

Сондай-ақ, қонақтарға арнайы мәдени-демалыс экскурсиясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Шара аясында олар жаңадан бой көтерген нысандарды аралап, тарихи-өлкетану мұражайының тыныс-тіршілігімен танысады.

null

Соңғы жаңалықтар