19:51, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Алматы облысында ірі қара малдың басы 1,4 пайызға артты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында 2010 жылы мал шаруашылығында өсім байқалды.
Бұл туралы бүгін 2010 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға және 2011 жылға бағытталған міндеттерге арналған қорытынды кеңес барысында облыс әкімі Серік Үмбетов хабарлады.
Оның айтуынша, 2009 жылмен салыстырғанда ірі қара малдың саны 1,4 пайызға, қой мен ешкі - 1,7 пайызға, жылқы - 2,5 пайызға, шошқа - 1,5 пайызға артты. 292 000 тонна ет өндірілді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп.
Асыл тұқымды малдардың жалпы саны ірі қара малдың жалпы санына шаққанда 0,4 пайызға, қой - 0,6 пайызға, шошқа - 1,0 пайызға, түйе - 0,2 пайызға, құс - 0,1 пайызға артты.