19:57, 05 Сәуір 2017 | GMT +5
Алматы облысында із-түссіз жоғалған бала табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында із-түссіз жоғалған бала табылды. 7 жастағы Әбілқайыр 4 күн бойы хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның жоғалғандығы жөнінде Алакөл аудандық ІІБ Қабанбай ауылындағы бөлімшесіне Әшім ауылының тұрғыны хабар берген.
Жасөспірімді іздестіруге тікұшақ жұмылдырылды. Сүңгуірлер де тыным таппаған. Алакөлдің полицейлерін аяғынан тік тұрғызған балақай жақын маңдағы қыстақтан табылды. Абырой болғанда дін-аман. Әшім ауылынан 3-4 шақырымдай жерде орналасқан аймаққа баланың қалай жеткені белгісіз. Қазір ол үйіне қайтарылды.
Айта кету керек, 4 күн бойы жоғалған баланы іздестіруге ауыл тұрғындары, мектепте істейтін жұмысшылар, әскери қызметкерлер мен еріктілер бір кісідей ат салысты.