Алматы облысында қарақұйрыққа аңшылық еткендер ұсталды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 16 желтоқсанында Алматы облысы, Балқаш ауданының Балатопар ауылдық округіне қарасты Ақдала ауылына жақын маңында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді.
None
None

«Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияның инспекторлары Балқаш аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзопром» өндірістік бірлестігінің инспекторларымен бірлесіп жүргізген жедел іс шараларының барысында Балқаш ауданына қарасты Балатопар ауылының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лэнд Крузер Прадо» автокөлігін тоқтатып тексерді. Тексеру нәтижесінде көліктен 2 бас қарақұйрық пен 8 бас қоян еттері тәркіленіп, жиналған материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар