Алматы облысында Қаскелең өзенінің бойында бірқатар спорт алаңдары ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Қарасай ауданына іссапары барысында облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысып, бірқатар жаңа нысандарды ашты, деп хабарланған аймақ әкімдігінің сайтында.
None
None

А.Баталов аудан орталығында өткен "Ақшақар-2015" қысқы спорттық акциясына қатысып, Қаскелең өзені бойындағы футбол, волейбол, теннис жаңа спорттық алаңдарының ашылу салтанатына қатысты.

Келесі кезекте облыс әкімі Қарасай аудандық ауруханасына ат басын бұрып, ондағы "перзентхана бөлімінің" жұмыстарымен жан-жақты танысты. Соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған медициналық мекемеде А.Баталов жаңа босанған бірнеше анаға сыйлықтар табыстап, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар Қаскелең қаласы маңында құрылысы жоспарланып отырған жаңа шағынауданның жоспары талқыланды.

Облыс әкімі Қарасай ауданына жұмыс сапарының соңында бекіре тұқымдас балық өсіру мен көбейтуді жүзеге асыратын "Коллар В.В." шаруа қожалығында болды.

Соңғы жаңалықтар