09:14, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
Алматы облысында киім-кешек дүңгіршектері өртенді, шығын көлемі анықталуда
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы базарлардың бірінде киім-кешек дүңгіршектері өрт құшағына оранды, шығын көлемін анықталуда, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Шамалған стансасындағы «Нұржамал» базарында киім-кешек сататын дүңгіршектер өрт құшағына оранған. Тілсіз жау шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.