16:01, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Алматы облысында кірпіш зауыты 25 млн теңгеге жеңілдікпен кредит алып, жаңғыртылды (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Облыстың жекелеген кәсіпкерлерін қолдау үшін Алматы облысының әкімдігі мен «Даму» қоры биыл 1 млрд теңге бөлді. Төмен пайыз жеңілдікпен кредитті 30-дан астам кәсіпкерлер алып үлгерді, олардың ішінде Ескелді ауданының тұрғыны да бар.

Оның жобасын Алматы облысының әкімдігі қолдады және облыстық бюджет және «Даму» қорының қаражаты есебінен ЖК «Шалов» «Жинақбанктен» 6,5 пайызға 25 млн теңге мөлшерінде жеңілдікпен кредит алды. Қарыз ақшаға кәсіпкер цехты жөндеуден өткізіп, кірпіш өндіру желісі бойынша жабдықтар сатып алды. «Орнатылған иран жабдығының сапасы жоғары. Қазір тәулігіне 10 мың кірпіш шығарамыз. Бұдан басқа, жаңа жабдық өз технологиясы бойынша тапсырыс берушінің қалауы бойынша стандартты емес мөлшерде кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Өндірісте 20 адам еңбек етеді. Біз оларға жағдай жасадық, - деді Д. Шалов.