Алматы облысында көлік қаққан егде әйелдің денесі бөлшектеніп қалған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол полициясы егде жастағы әйелді басып кеткен жүк көлігін анықтап, оның жүргізушісін ұстады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік апаты таңертеңгі уақытта болған. Нақтырақ айтқанда, 9 наурызда «Алматы-Көкпек-Көктал» күре жолының 18-ші шақырымында 68 жастағы әйелді көлік қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Полицейлер жүк көлігін оның бамперінің бояуы мен «Вольво» фирмалық белгісі арқылы анықтады.
Көлік иелерін тексеру кезінде жүк көлігінен техникалық ақаулар анықталған Қарасай ауданының 46 жастағы тұрғыны ұсталды.
Анықталғандай, жол апаты салдарынан әйелдің денесі бөлшектеніп кеткен.
«Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүк көлігі арнайы көлік тұрағына қойылды», делінген ІІД таратқан мәліметте.

Соңғы жаңалықтар
telegram