Алматы облысында көліктен 1,5 мың ондатр елтірісі табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Алматы облысының Үшарал-Бескөл автожолында тоқтатылған көліктен 7 қап ондатр терісі табылды. 50 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында көліктен 1,5 мың ондатр елтірісі табылды

Тәртіп сақшылары тоқтатқан «Тойота Камри» автокөлігінің салоны ондатр елтірісіне лық толтырылған болып шықты. Ауыл тұрғыны Алакөл ауданындағы табиғат қорғау заңнамалары аясындағы рейдтік шара барысында ұсталды. Көлік жүргізушісі бағалы жануар терісін дайындап, сатуға арналған ешқандай рұқсат құжаттарды көрсете алмаған. Тәркіленген қаптарда 1488 ондтр терісі шықты. Күдікті бұл елтіріні Алматы қаласына сатуға алып бара жатқанын айтқан. Алдын ала келтірілген шығын мөлшері 18 млн теңге.
null

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше,  су жануарларын заңсыз аулау фактісі бойынша сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу жұмыстары басталды.