Алматы облысында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты республикалық маңыздағы жолдарға шектеулер қойылды.
None
None

«Қазавтодор» РМК-дан хабарлағандай, Алматы облысында күн райының нашарлауы себепті (қар, боран, жол көрінісінің шектеулігі) 17 ақпан, сағат 20.30-дан бастап көліктің барлық түрлері үшін "Үшарал-Достық" а/ж 0-184 шақырымы аралығында қозғалысқа шектеу қойылды.

Ал Шығыс Қазақтан облысында бұған дейін жабылған "Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақырымындағы Қалбатау-Қ.Қайсенов аралығы көліктер үшін қайта ашылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке етуде.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар