Алматы облысында колония жасағының бастығы пара алғаны үшін ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті ҚАЖД-нің ЛА 155/8 жасағының бастығы, әділет капитаны Б.Жасыбаевты ұстады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.
None
None

Жасыбаевтың қызметтік өкілдігін теріс пайдаланып, жоғарыда аталған мекемеде мерзімін өтеп жүрген сотталушыдан абақтыда ұстау режимін жеңілдету үшін жалпы сомасы 100 мыңнан астам теңге көлеміндегі материалдық емес құндылықтарды алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта Б.Жасыбаев Іле аудандық ІІБ-ның уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар