22:33, 06 Мамыр 2020 | GMT +5
Алматы облысында коронавирус жұқтырған 13 адамның жетеуі - Кеген ауданының тұрғыны
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында коронавирустың 13 жағдайы тіркелді.

Олардың 7-еуі Кеген ауданының, 5-еуі Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандық орталық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды.
Індет ошақтары дезинфекцияланды.
Науқастармен байланыста болған 12 адам да медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.
Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ке жетті, жазылған 40 адам.