02:33, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Алматы облысында көші-қон заңын бұзушылардан мемлекет қазынасына 150 млн. теңгеге жуық қаражат түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Алматы облысының полицейлері көші-қон заңнамасын түрлі дәрежеде бұзғандары үшін 7182 шетел және 12 546 Қазақстан азаматын жауапкершілікке тартты. Оларға салынған жалпы айыппұл мөлшері 149 055 835 теңгені құрады.
Салынған айыппұлдардың 98,5 пайызы мемлекет пайдасына өндіріліп алынды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3676 шетелдік сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, 216 адам ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар 116 шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 23-і облыс аумағында ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде.
Сондай-ақ Алматы облысы аумағында шетел азаматтарына қатысы бар 23 қылмыс жасалды, деп хабарлайды облыстық ІІД-інің баспасөз қызметінен.