10:24, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Алматы облысында құрамында спирті бар тауарларды сақтауға арналған цех пен қоймада өрт болды - ҚР ТЖМ
ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысында құрамында спирті бар тауарларды сақтауға арналған цех пен қоймада өрт болды. Хабарламаны ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратты.
Сенбі, 12 қараша күні Алматы облысы Шамалған стансасында орналасқан «Food Distribution Compani» ЖШС-ның құрамында спирті бар дайын өнімдерді сақтауға арналған цехы мен қоймасында өрт шықты. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.