17:52, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматы облысында күшті жел ғимараттардың шатырын жұлып әкетіп, электр желілерін зақымдады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданында соққан жел бірнеше нысандардың шатырын жұлып әкетті.
Өңірдің ТЖД хабарлағандай, жел салдарынан Тастыөзек ауылындағы 150 шаршы метр орта мектептің шатыры мен «Ақбастау» шаруашылық қожалығы қоймасының шатыры құлады. Сонымен қатар, Қоғалы ауылында Мәдениет үйі, аурухана және «Ақмарал», «Мәди» шаруашылық қожалықтарының қоймаларының шатырлары зақымдалған. Бұдан басқа, ағаштың құлауынан ВЛ-10 кВт электр желісі зақымдалуы салдарынан Тастыөзек, Шаған, Доланалы, жайнақ ауылдары жарықсыз қалды. Оқиға орындарында комиссия мүшелері жұмыс жасауда. ТЖД хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.