Алматы облысында қылмыстық топтың кезекті мүшесі әшкереленді

АЛМАТЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі әшкереленді, деп хабарлады аумақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша, әңгіме қарақшылық шабуылдарды, тонауды және бопсалауды кәсіп еткен ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді қатысушысы болып табылатын Алматы облысы Ақсу ауданының 33 жастағы тұрғыны жайында болып отыр. Бұл жолы қылмыстық топтың өкілі өрескел бұзақылық жасады.

Ол бұзақылық ниетпен 1988 жылы туған жергілікті тұрғынды соққыға жықты.

Жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы медициналық жәрдем көрсетті, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Бұл ретте, қалада күдіктіні іздестіру жұмыстары басталды» - деп мәлімдеді Алматы облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Таңат Назанов.

Бұзақының жеке басын полицейлер көп ұзамай анықтады. Ол бірден ұсталды және адамды соққыға жыққандығын мойындады. Бұзақы ҰҚТ-ның белсенді мүшесі ретінде бұған дейін де полицейлердің назарына іліккені анықталды. Аталмыш факті, жедел қызметкерлердің айтуы бойынша, оның тұлғасын және басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын мұқият тексеру үшін жеткілікті негіз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар