Алматы облысында Қырғызстанның құқық қорғаушылары 14 жылдан бері іздеп жүрген қаскөй ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қырғыз құқық қорғаушылары іздеп жүрген 1954 жылы туылған ер адамды қылмыстық іздестіру тобының жедел қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының аумағынан ұстады.
None
None

Облыс ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған адамның өзінде ешқандай құжаты болмаған, ол бірнеше жыл бұрын қазақстан-қырғыз шекарасынан заңсыз өткенін және елде заңсыз жүргенін мойындады.

2000 жылдың қаңтарынан бері оған Қырғыз Республикасының Баткен облысында әйел зорлағаны және тағы бір жәбірленушіге дене жарақатын салғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.

Ұсталушының айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін ол Қазақстан аумағында жасырынып жүріп, әртүрлі құрылыс нысандарында қол жұмысын жасап, нәпақасын айырып жүрген.

Екі ай бұрын күдікті Алматы облысына келген, онда Еңбекшіқазақ ауданындағы кенттердің бірінде шаруа қожалығына құрылыс жұмыстарына жалданған.

Қазіргі кезде ұсталған адам Еңбекшіқазақ АІІБ-інде қамауға алынды, оның сот алдында жауап беруі үшін Қырғызстанға экстрадациялануы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар