Алматы облысында «Мал өнімдері» корпорациясының қолдауымен мал бордақылау кешені салынып жатыр

Бұл нысанның құрылысына «Өтес Ақдала» ЖШС кәсіпорны жауапты. «Мал өнімдері» корпорациясының салған инвестициясы 2,5 млрд. теңге.
Бордақылауға жоспарланып отырған 5 мың ірі қара мал басының 3 мыңы кешенге жеткізілген. Болашақта нысан ішінен қасапхана, ет, шұжық дайындайтын, мал терісін өңдейтін қойма, сондай-ақ мал дәрігерлік зертхана ашылатын болады.
«Өтес Ақдала» ЖШС директорының айтуынша, бөлінген қаржының 1,5 млрд. теңгесі игеріліп, құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталып қалған.
Содан кейін С.Үмбетов Береке ауылдық округіндегі «Тамшыбұлақ» ЖШС-ның астық тазалаумен айналысатын қоймасында болды.
Сонымен қатар аймақ басшысы Желтұрған ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепке де ат басын бұрды. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары аймақ басшысын жақсы көңілмен қарсы алып, мұғалімдер ұжымы облыс әкімімен кездесті.
С.Үмбетов ұстаздар тарапынан мектепке жөндеу жүргізу туралы айтылған өтінішке «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қолдау көрсетемін деп уәде берді.