Алматы облысында мал ұрылары ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері қылмыстық топты қолға түсірді.
None
None

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, топ 20-38 жас аралығындағы Жамбыл ауданының 4 тұрғынынан құралған. Тәртіп сақшылары оларды қылмыс жасау барысында ұстады.

Үшеуі Қарғалы ауылының маңында 2 ірі қараны ұрлап, Сауыншы ауылына апара жатқан жерінде, ал төртіншісі сол ауылда ұсталды. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, қылмыстық топ 2013 жылдың күзінен заңсыз әрекеттерін іске асырған.

Қазіргі уақытта күдіктілердің 9 ұрлыққа қатысы болғаны дәлелденді. Олар 35 бас ірі қара мен жылқыны қолды еткен. Бүгінде дәлелденген ұрлық фактілері бойынша келтірілген залал көлемі 9,5 миллион теңгеден асты.

Ұсталғандар Жамбыл аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер олардың өзге қылмыстарға қатысы бар не қатысы жоқтығын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар