Алматы облысында мамандар полицейлерді ішкі күйзеліспен күресуге үйретті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы полициясы психологтарды, психиатр дәрігерлерді және дін өкілдерін шақырып, өз қызметкерлері үшін суицидттің алдын алу тақырыбында семинар-кеңес өткізді, деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Семинарда «Алаңдауды доғарып, қалай өмір сүруді бастауға болады?» тақырыбындағы видеороликтер мен слайдтар көрсетілді.

«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша психиатр-дәрігерлер, жергілікті психоневрологиялық диспансердің суицидологтары, Талдықорған мешіттерінің имамдары, сонымен қатар инспектор-психологтар диалог жүргізді. Соңғы екі жылда аймақ полицейлері арасында суицид фактісі тіркелмеді. «Суицидке бару әскери-дәрігерлік комиссиядан өту кезінде және ары қарай қызмет барысында анықталады. Полицейлердің жұмысында күйзеліс туатын жағдайлар көп. Олардың қолында қару болуы, күн сайын туындайтын қауіп, жұмыс режімінің әр-түрлі болатындығы, осыған байланысты отбасында туындайтын келіспеушіліктерді қосуға болады. Ағымдағы жылдың қаңтарынан полиция қызметкерлері полиграфта сынақтан өтеді. Мақсат суицидке бейімділігін анықтау», - деді ІІД инспектор-психологы Алина Атабаева.

Соңғы жаңалықтар