Алматы облысында мазут пен көмір жылу беру маусымының аяғына дейін жетеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында мазут пен көмір жылу беру маусымының аяғына дейін жетеді, – кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов осыны мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өткен жылы бюджеттен бөлінген қаражатқа біз жылу маусымының соңына дейін жететіндей мазут пен көмір алдық. 2009 жылғы бюджет қаражаты есебінен біз тағы 2,2 миллиард теңгеге дизельдік отын және 720 миллион теңгеге мазут сатып алуға тендер жариялап отырмыз, яғни келесі жылу беру маусымына да дайындық жүргізілуде. Бізде бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған, мұның барлығы бюджетті дұрыс жоспарлаудың арқасында мүмкін болып отыр», деп атап көрсетті Амандық Баталов өз сөзінде.
Соңғы жаңалықтар