17:02, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Алматы облысында мектеп бітіру кештері полиция қадағалауымен өтеді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында маусымның 19-20-сы күндері барлық жалпы білім беретін мектептерде мектеп бітіру кештері өтеді.

Облыстық ІІД-інен хабарлағандай, мерекелік шараларда полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.
Түлектердің басты мерекесіне барлығы 915 тәртіп сақшылары қатысады. Салтанатты кешке 5 күн қалғанда, маусымның 14-і мен 18 күндері жедел-алдын алу шаралары өткізіліп, полиция оқушылар түнгі мезгілде болуы ықтимал бар, кафе және мейрамханаларды тексеріп шығуда.
Облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы жылдарда мектеп бітіру кештерінің бірде-бір қатысушысы полиция бөлімдеріне әкелінбеген. Бұл - мектеп бітіруші жастармен жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесі.