Алматы облысында мектеп оқушысын жүк көлігі қағып, мерт қылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 8 жасар оқушы иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Оны жүк көлігі басып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында мектеп оқушысын жүк көлігі қағып, мерт қылды

Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болғанын мәлімдеді.

«Isuzu» жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі сараптама тағайындалды», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Авторы: Еламан Тұрысбеков